"Түркістан облысында қауіпті жануар адамдарға шабуылдауда": Желіде тараған ақпарат жұртты шошытты
What’sApp мессенджерінде Түркістан облысында адамдарға шабуыл жасайтын аса қауіпті жануардың жүргені туралы хабар тарады. Оған аузы қан ит тәрізді аңның суреті тіркелген. Stopfake.kz журналистері ақпаратты тексеріп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының әкімдігі Сарыағаш, Жетісай және Шардара қалаларының маңында адамдардың жабайы аңның құрбаны болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл фейк. Өңірлер бұл хабардың оларға қатысы жоқ екенін растады", - деді ведомствода.
- "Қолымен сұлатып салды": Қазақ қойшы қасқырды қару қолданбай өлтірді
- Түнде жанына мысығын алып жатқан әйел көз жұмды
Бұған дейін бұл жануардың суреті Үндістан, Пәкістан және Латын Америка елдерінде кеңінен таралған. Сондай-ақ, желіде мал жегені үшін жануардың өлтірілгені туралы видео да бар.
"Сырттай қарағанда фотода қоңыр гиена. Бұл жануарлар Оңтүстік Африка жағалауларында шөлді аймақтарда мекендейді және теңізге жақын жүреді. Қоңыр гиеналар жемтікпен және теңіз қалдықтарымен қоректенеді. Қазақстанда қоңыр гиеналар тіршілік етпейді", - деп жазды Stopfake.kz.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған
