Түркістан облысында қаржы пирамидасына алданған жұрт "шығын өтелсін" деп талап қойды
Түркістан облысының бірқатар аудандарындағы қаржы пирамидасына алданған жұрт полиция ғимаратына келуін әлі де тоқтатар емес. Саны бір жарым мың адамға жеткен жәбірленуші тарап жергілікті жердегі орналасқан аудандық полиция бөлімінің алдына күнде жиналып, тергеушілерден "шығын өтелсін!" деп талап етіп жүр. Тұрғындарды пирамидадағы "лидер" аталатын азаматтың қайтыс болғаны да алаңдатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бала-шағамыздың аузынан жырып төлеп отырмыз. Басшылар қамалсын"- , дейді тұрғындар.
Жұрттың басым бөлігі тергеу барысында келтірілген шығын қамауда отырған күдіктілерден тәркіленген мүлік есебінен қайтарылса дегенді айтады.
Ал полиция департаментіндегілер "бұл іспен арнайы тергеу тобы жұмыс жасауда" деді.
"Күдікті ретінде осы қылмысқа қатысты 10 адам қамауға алынды. Қалған бес адамға заңды шешім қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"