Түркістан облысында ер адам адасып кетіп, екі күн бойы шөл далада жүрген
Түркістан облысында ер адам адасып кетіп, екі күн бойы шөл даланы кезіп жүрген. Оны полицейлер тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шәуілдір ауылының тұрғыны 29 жастағы ұлының жоғалғаны жөнінде полицияға хабарлаған. Бірінші топ мүгедегі болып табылатын ер адам үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып, қайта оралмаған. Туыстары ер адамды бір тәулік бойы іздеп, табылмаған соң полициядан көмек сұрады.
Отырар аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісіп, іздестіруге бүкіл жеке құрамды жұмылдырды. Оларға еріктілер көмектесті.
Бас-аяғы 50 адам жайылым жерлерін, Қызылорда облысымен шектесетін аймақты қарап шықты. Ер адам тағы бір тәуліктен кейін 20 километр қашықтықтан шөлдаладан табылды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді