Түркістан облысында әйел күйеуін жанжал кезінде өлтірді деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысында полиция күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

12 тамыз күні Сарыағаш аудандық полициясына жергілікті тұрғын жүгініп, екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткенін айтқан. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.
“Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.
Қазіргі уақытта Қылмысты кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды