Түркістан облысында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді
Түркістан облысы Сайрам ауданында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы - 2 келі шамасында.
Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинатальдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері тиісті ем-шаралардан кейін балалардың жағдайы қазір қанағаттанарлық, ана сүтін де дұрыс емеді дейді. Үшемдер бүгін перзентханадан шығарылды.
Жас ана мен сәбилерді туған-туыстары перзентхана алдында әндете, гүл шоқтарымен күтіп алды. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері облыста дүниеге келген екінші үшем.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?