Түркістан облысы полицейлерінің "заңсыз әрекеттері" түсірілген видео желіге жарияланды
Видеоблогер Ринат Кибраев Түркістан облысында болып, жергілікті полицейлердің "заңсыз әрекеттері" туралы ролик түсірді. Видеоны автор LIFE KZ YouTube-арнасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Блогер сөзіне қарағанда, оларға Түркістан тұрғыны Денис Тен жүгінген, азамат құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне тап болған. Белсенділер жағдайды түсіну үшін учаскелік пунктке барды.
Шағымданушы полицейлердің әрекетсіздігі мен немқұрайлығын атап өтті. Сөзінше, оның үйіне шабуыл жасаған бұзақыны анықтау үшін полицейлер ешбір шара қолданбаған.
Видеода авторлар учаскелік инспектордан қызметтік куәлігін ашық көрсетуін талап еткен, ал тәртіп сақшысы оған қарсылық білдірген.
Аталған видеоға облыстық полиция департаменті түсініктеме берген.
"23 тамызда Түркістан қалалық ПБ-не жеке кәсіпкер белгісіз тұлға жалға алған үй-жайдың терезесіне бірнеше дана арматураны лақтырып, қашып кеткендігі туралы арызданған. Осылайша, ол әйнекті сындырып, жәбірленушіге 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған арыз тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық"бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән - жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
