Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түріктің әйгілі актрисасы Қоянбаевтың үйіне қонаққа келді

Түрік сериалдары арқылы түріктер арасында ғана емес, қазақстандықтар арасында танылып үлгерген актриса Неслихан Атагүл мен жолдасы мен Қадыр Деғұлу Нұрлан Қоянбаевтың үйінде қонақ болды. 

"Бүгін бізге қонаққа Неслихан Атагү мен жолдасы мен Қадыр Деғұлу келіп қуантты!!! Жуырда жаңа жоба!", - деп жазды Қоянбаев желіде. 

Түріктің танымал әртістері Қоянбаевтың төрінде отырды. Қонақ болып, дәм татты. Бұл туралы продюсердің өзі мәлім етті. 

Қоянбаев жақында жаңа жобаның көрерменге жол тартатынын айтып, көпшілікті қызықтырып қойды. 

Бұл сурет желіде кеңінен тарап кетті. Желі қолданушылары таңғалысын жасыра алмады.


Қоянбаевтың әйелі: Нұрланды қызғанамын, бірақ амалым жоқ


"Қандай керемет отырыс", "Сізге ризамын, талмай еңбек етесіз", "Бір жерді жарып шығатыныңызға сенемін, төріңізден құтты қонақтар арылмасын", "Үйде танымал жұлдыздар болса, қандай керемет", "Қазақтың даласын, қонақжайлығын көрсін", "Неслихан Қазақстанға келді ме? Ол кісіні көргім келеді" - деді олар.

Бұған дейін Қоянбаев түрік елінде отандық фильмнің түсіріліп жатқанын айтқан еді. Қоянбаев түсірілім барысында талантты актриса Неслихан Атагүлмен кездескенін хабарлады. Осыдан соң желідегі оқырмандары "Қазақша бизнес" фильмінде басты рөлді Неслихан Атагүл сомдайды деп топшылады. Алайда продюсер ол туралы ақпарат айтқан жоқ.

Талқылау