Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоянбаевтың әйелі: Нұрланды қызғанамын, бірақ амалым жоқ

Нұрлан Қоянбаевты жары Әйгерім кімнен қызғанып жүр? Кино түсіріп қана қоймай кинода өзі де рөл сомдайтын актер Қоянбаев бірнеше актрисамен жұп болды. Романдикалық кадрларға түсті. Сүйікті болды. Жары Әйгерім күйеуін қызғанатынын мойындайды. Алайда сезімін ақылы жеңеді. 

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды. 

Нұрлан Қоянбаев соңғы шыққан фильмде Әсел Сағатованың ғашығының рөлін сомдады. Жары Әйгерім жолдасының түз адамы екенін бұрыннан біледі. Алайда қызғанатын сәттерін жасырмайды. 

"Әрине, қызғанатын кездерім болады. Адам болған соң қызғаныш болады. Мен де, Нұрлан да қызғаншақпыз. Ол да көп қызғанады. Ол өнер адамы. Оның жұмысына араласпаймын. Кедергі болғым келмейді. Оның жұмысына тек жұмыс деп қана қараймын. Маған желіде көп жазып жатады. Қалай шыдайсыз деп сұрайды. Менде басқа амал жоқ", - деді Әйгерім Қоянбаева. 


Тұрсынбек: Нұрланды қорқытам деп төсегінің астына кірдім де, таңға дейін ұйықтап қалыппын


Нұрлан мырзаның әр бастамасын жары ғана емес, анасы да үлкен қошеметпен қолдап жүреді. Әр кино түсірілімде, премьерада тақымын қысып, тілекші болып жүреді. 

"Мен Нұрланның кішкентай сахналық рөлдерінің өзін залда отырып тамашалап келдім. Әр кезде қасында болдым. 17 жыл КВН ойнағанда сахнада көрерменмен бірге отыратынмын. Әрбір кішкентай рөлі мен үшін - үлкен. Қандай бастамасы болса да қасында боламын. Тіпті шетелге бірге барып, демеу болып жүрдім", - деді анасы Тұмар Қоянбаева.   

Анасы ұлын қолдап Сингапур, Мәскеу, Таиланд, Түркия басқа да елдерге бірге аттанған. 

"Анам көп елге барды. Әкем де барды. Келіншегім Оңтүстік Корея мен Австралияға ғана бармаған шығар", - деді Қоянбаев.

Талқылау