Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түнімен ұйықтай алмадым": Мәдина Сәдуақасова Анар Батырханды ренжітіп алды

Мәдина Сәдуақасова Анар Батырханды ренжітіп алды. Әнші әріптесіне сын айтамын деп көңіліне тиген. Бұл әрекеті үшін кешірім сұрады. 

Бұл туралы TABOO бағдарламасында айтылды. 

Сәдуақасова Анар Батырханға сұхбат бере отырып, оның көңіліне тиетін сөз айтқаны үшін кешірім сұрады. 

“Мен негізі біреудің көңіліне қарайтын адаммын. Бәрімен жақсы сөйлесуге тырысамын. Ешкімнің көңіліне тимеуге тырысамын. Егер  ренжітіп алсам, ойланып өкініп жүремін. Өткенде саған “әйелдік қасиет жетіспейді. Сәл майысып қыз секілді жүрші, еркекшорасың” деп айтып ренжітіп алдым-ау деймін. Түнімен ойланып шықтым. Ренжіп қалды ма деп ойладым. Сіңліме айтып едім, ол менің ойымды құптады. “Шынында да, Анарға әйелдік қасиет жетіспейді” деді. Сосын өз сөзім орынды болған екен деп ойладым”, – деді Сәдуақасова. 

Алайда Анар Батырхан өзіне майысып жүрудің еш жараспайтынын айтты. Желідегі оқырмандар да Анардың мінезі өзіне жарасымды екенін айтып жатыр. 

“Анарға өз мінезі жарасады. Ол кейде еркекшора, кейде кішкентай қыз секілді қылықты. Оған жасандылықтың, өтірік майысудың керегі жоқ”, “Әркім өз табиғатымен жүреді ғой, былай жүр деп ешкімді мәжбүрлей алмайсың”, “Анарға бәрі жарасып тұр, ол қылықты қыз”, “Мәдинаның өзі кейде жасанды қылық жасайтын секілді”, – деп жазды олар. 


Талқылау