Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындады
Мемлекеттің ақшасын жымқырды деп айыпталған Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады.
Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильмін түсіру үшін бөлінген мемлекет ақшасын алғанын мойындады. Ол жасаған қылмысы үшін өкініп, шығынды міндетті түрде қайтаратындығын жеткізді.
«Жаманқұлов Т. қаражатты алып, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған фактілерді растады. Сондай-ақ, Жаманқұлов Т. ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кепілдік қалдырып, өзіне қатысты шаралардан бұлтартпау және жасаған қылмысы үшін өкініш білдіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш жасады», – деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов келтірген шығынның белгілі бір бөлігін қайтарды және оның жасы мен кепілге қойған мүлкін ескере отырып, оған қатысты «кепілдеме» шарасы қолданылды.
Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініші Т. Жаманқұлов, Н. Юдина және Г. Ысқақова келтірген шығынды толық қайтарғаннан кейін қаралады.
Айта кетейік, тергеу қорытындысы анықтағандай, «Қазақфильм» АҚ фильмнің алдын ала дайындығы мен дайындық кезеңдері үшін «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-не 79 млн теңге аударған. Оның 69 млн теңгесін «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС арқылы аталған компанияның құрылтайшысы әрі картинаның продюсері Т. Жаманқұлов жымқырған. Қаржы қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы қолма-қол Т. Жаманқұловқа беріліп отырған. Қаржыны қолды қылуға «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры Г. Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Н. Юдинаның де қатысы болғаны анықталды. 2 қарашада аталған ақшаны жымқырды деген күдікпен Т.Жаманқұлов ұсталды.
Жіберіп алмаңыз:
Жаманқұловтың жұбайы: Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын
Орыс қыздарын жар еткен қазақтың біртуар қайраткерлері
Баян Есентаева: жаным қатты ауырып тұр
Джинсы сатқан қазақстандық инженер Forbes рейтингіне енді