"Түнде тұрып, тамағын жасаймын": Фариза Төреәлінің күйеуі қыз өсіріп отырған әкелерге үндеу жасады
Танымал блогер Фариза Төреәлінің күйеуі, спортшы Дархан Нортаев бала тәрбиесіне қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/nortayevjj/
Спортшы әке қызына ерекше қамқор екенін жасырмай, әкелік міндетін артығымен орындап жүргенін айтты.
“Қызыма махаббатты қалай беремін?! Қамқорлық кішкентай істерден құралады екен. Бала – ортақ. Сол үшін бала тәрбиесі, оған қарау тек әйелге жүктелген міндет емес. Жұбайым өзіне көңіл мен уақыт бөлуі үшін әкелік міндетімнен қашпаймын. Түнде тұрып тамағын жасаймын. Бассейнге бірге барып шомылып аламыз. Киімізді бірге киіп, мамасын тастап өзіміз серуенге кетіп қаламыз. Қамқорлығымды максимум көрсетуге тырысамын, себебі қыз баланың болашағына әкенің үлесі үлкен рөл ойнайды”, – деп жазды спортшы.
Желі қолданушылары жазбаға риза болып, блогер-спортшының көп әкеге үлгі екенін жарыса жазып жатыр.
“Не деген керемет әке?!”, “Жүзінен-ақ мейірімді екені көрініп тұр”, “Қыз әкесіне, ұл анасына жақын болады”, “Дархан, жарайсың! Ер азамат өзіңдей болсын”, “Фариза енді ұл туып алуы керек”, “Ұл-қыздарыңыз көп болсын!”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогер Фариза Төреәлі 40 күн бойы әлеуметтік желіден көрінбей кеткен еді.