Туған қызы мен құдағиын алдап кеткен әнші бостандыққа шықты
Әнші Сандуғаш Жұмабек бостандыққа шықты. Ол осыдан 5 жыл бұрын туған қызы мен құдағиын алдап, алаяқтық үшін сотталған болатын. Көпшілікпен қайта қауышқан өнер иесі Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды.

- "Колледжді қызылмен бітірсе де, академияға 2 см үшін алмады": Роза Әлқожа қызын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға ренжіді
Еске сала кетейік, Сандуғаш Жұмабек 2017 жылы алаяқтық фактісі бойынша сотталды. Адвокат Айгүл Орынбектің мәліметінше, ол алаяқтықпен әр қаладан барлығы 14 пәтер алып, қандастарды үй мен азаматтық алып беремін деп алдаған.
Бұдан бөлек, Жұмабектің үстінен туған қызы мен құдағиы да шағым түсірген. Белгілі болғандай, Сандуғаш Жұмабек құдағиының пәтерін сатқызып, ақшасын бермей кеткен. Ал артынша бұл мәселе сотта қаралып, нәтижесінде алаяқ деп танылған Сандуғаш Жұмабек бес жылға бас бостандығына айырылған еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды