AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуы туралы ойын айтты

Баян Мақсатқызы бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы ойын айтты. Продюсер бұған қуанышты екенін және оған шын жүректен денсаулық тілейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босатылуы туралы Баян Мақсатқызы Instagram-да айтқан болатын. Продюсер биылғы жыл бірнеше оқиғаға байланысты ол үшін маңызды болғанын атап өтті.

"Немерем дүниеге келді, менің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлемді салтанатты түрде аралауда, бұрынғы жұбайыма қатысты әділеттілік жеңіске жетті.  Міне, бүгін Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды", – деп жазды ол.

Баян Алагөзованың айтуынша, бір ай бұрын ол Есентаевтың өтініші бойынша оның босатылуына қарсы еместігін растаған.



"Сот менің өтінішімді қанағаттандырып, ол көп ұзамай босатылды. Мен өте қуаныштымын және шын жүректен денсаулық пен жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерім үшін алғыс айтамын", – деді продюсер.

Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың қараша айында өзінің бұрынғы әйелі Баян Мақсатқызына бірнеше пышақ жарақатын салғаны үшін қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр