Туған анасын өлтірді деген күдікке ілінген: БҚО-да 16 жастағы жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді
БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімге қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. Күдікті ретінде әйелдің 16 жастағы ұлы ұсталған. Қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған.
"Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “Кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.
Түркістан облысында 19 жастағы жігіт сүйіктісін көлікте ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Басты сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбеген.
Еске салсақ, бұған дейін БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деп айыпталғаны туралы жазған едік.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған