Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түбіртек берілмегенін хабарлаған қазақстандықтарға мың теңгеден беріледі

Қазақстанда мемлекттік кірістер комитеті арам пиғылды кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған жобаны іске қосты. Оның жүзеге асырылуына қарапайым азаматтар көмектеседі. Әрине, тегін емес. Өзіне түбіртек берілмегенін хабарлаған азаматтарға мың теңге көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Түбіртек берілмегенін хабарлаған қазақстандықтарға мың теңгеден беріледі

«Азаматтық бақылау» акциясына түбіртек берілмеген азаматтардың барлығы қатыса алады. Олар мұндай деректі растау үшін, бірден камераны қосып, болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп алуы тиіс. Артынша видеожазбаны арнайы ұялы қосымшаның көмегімен жіберуге болады. Мұнан кейін автор 1 000 теңге көлемінде сыйақы ала алады.

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер аталған жобаның Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық режимде іске қосылғанын айтты. Бір жарым ай ішінде акцияға 50-ден аса адам қатысқан. Ендігі бұл акция бүкіл мемлекет бойынша жүзеге асырылады.

«Өңірлік департаменттер келген материалды тексеріп, түбіртек бермеген кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқа тартады. Мұндай деректер расталғаннан кейін, әр дерек бойынша мың теңге көлемінде сыйақы береміз», - дейді мемлекеттік кірістер комитетінің қашықтықтан бақылау басқарма басшысы Әнуар Сүлейменов.

Талқылау