Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы желіде қудалауға тап болғаны үшін прокуратураға шағым түсірді
Олимпиадада алтын медальға ие болған Алжир спортшысы Иман Хелиф Париж прокуратурасынан өзінің желіде қудалауға тап болғанына қатысты тергеу жұмыстарын бастауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AFP басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/imane_khelif_10
“Боксшы Иман Хелиф әділдік, абыройы мен намысы үшін күреспек. Тергеуден кейін бұл мизогинистік, нәсілшіл және сексистік кампанияның артында кім тұрғанын анықтаймыз”, – деп жазды спортшының адвокаты Набиля Буди.
Еске салайық, Иман Хелиф трансгендер деп айыпталған болатын. Алайда спортшының әкесі Иман Хелиф оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді.
Бұған дейін алжирлік боксшы Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері атанғанын жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар