Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің кешірім сұрауын талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Brian Snyder / Reuters

Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді, дейді Трампқа жақын шенеунік.

Оның айтуынша, Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы жанжалдан кейін кей еуропалық көшбасшылар Украина көшбасшысына қолдау білдірді. Алайда бірқатар саясаткерлер оны Вашингтонмен диалогты қалпына келтіруге шақырды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да халықтан кешірім сұрауды өтінді. 



Қақтығыстан кейін НАТО-ға мүше бірқатар еуропалық елдер Дональд Трампты Зеленскийге қатысты ұстанымын қайта қарауға көндіруге тырысты. Сондай-ақ Киев пен Вашингтон арасындағы делдалдық мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер бұл істе барынша белсенді рөл атқаруға ниетті.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Трамппен қарым-қатынасын жақсарту керегін айтты. Украинаны қолдауға қосқан үлесін құрметтеуді ұсынды. 

Айта кетейік, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған. 

Талқылау