"Трагедия жасаудың қажеті жоқ": Академик Асқар Жұмаділдаев жастардың шетелге ағылуы жайлы пікір білдірді
Қазақстандық ғалым, академик, профессор Асқар Жұмаділдаев білімді жастарды шетелге жаппай көшуіне байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып берді.
"Білімді жастардың шетелге кетуінен трагедия жасаудың қажеті жоқ. Данышпан ғалым әл-Фараби ғылымды қайда жасаған? Мысырда жасаған. Әл-Фараби Отырарда дүниеге келгенімен, Мысырда ғылыммен айналысқан. Бұл нені білдіреді? Жас ғалымдардың шетелге баруы, ғылымның тереңдік іздеуі - жақсы дүние. Ғылымға ғылыми орта керек. Ғылымның сөзін түсінетін адам керек. Сондықтан білім қуып, шетелге кетіп қалса, басқа елден жаңашылдық ізденіп жатса, егер жақсы орта болса, одан жаманшылық көрмеймін. Бірақ олардың шетелдерде қалып қойғаны рас", - деді Асқар Жұмаділдаев.
- "Сұхбаттасу 4 кезеңнен тұрады": Қазақстандық жігіт Google-ға жұмысқа қалай тұрғанын айтып берді
- Қазақстандық ұстаз балалардың шетелдік мектептерде оқуына қарсы шықты
- 30-дан асқандарға арналған жоғары білім: Қазақстандықтар тәжірибелерін бөлісті
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық жастардың білім қуалап, шетелге ағылуының себебі айтылған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі