Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойға ағасы онлайн қатысты": Мәдина Сәдуақасова Шавкат Рахмоновтың қарындасын ұзатты

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шықты. Алматының ең қымбат мейрамханаларында өткен ұзату тойға санаулы өнер жұлдыздары ғана шақырылған. Қызды ұзатып салу рәсімі әнші Мадина Сәдуақасоваға жүктелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Танымал әулеттің күйеу баласы да еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген спортшылардың бірі.

“Еліміздің мақтанышы, UFC аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әулетінде үлкен қуаныш ! Туған қарындасы Сора ұзатылды! Ел мақтаныштары шыққан әулет өте қарапайым, ашық, жарқын, ақ көңілді жандар екен. Шавкат ағасы Америкадан тойды қарап, құттықтау тілектерін видеомен жіберді. Бағың ашылсын, алтын қыз Сора! Бағың ашылсын, барған жеріңді бақытты қылып, өзің де , нағыз бақытты сол жақтан тап”, – деп жазды әнші. 

Өзі де әлемнің үздік лигасында өнер көрсетуге ұмтылып жүрген Сораның таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен. 

Еске салайық, жеңіліп көрмеген қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы да спортшы. NAIZA лигасы турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны жеңгеннен кейін Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстан Астанада өткен әлем чемпионатына қатысты. Спортшы әлем біріншілігінде өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанған болатын. 

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, қазақ спортын дамыту жолында сәттілік тілеп жатыр. 

 

Талқылау