Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойдан кейін ғана": Шырын Нарчаева қыздығынан айырылу туралы

Атышулы Шырын Нарчаева әлі күнге дейін қыз екенін айтты. Сондай-ақ, ол болашақ жарымен тек тойдан кейін төсектес болғысы келетінін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay Show бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шырын Нарчаева

Сурет: instagram.com/uyatgirl_/?hl=ru 

Бойжеткен күнделікті тұрмыста көше кезіп, зиянды әдеттерді серік еткенді ұнатпайтынын жеткізді. 

«Өмірде ішімдік ішпеймін, шылым шекпеймін және клубтарға бармаймын. Әрдайым үйде отыруға тырысамын. Маған Instagram желісінде жасап жүргендерімнің өзі жеткілікті», - дейді ол. 

Әрі қарай ол әлі де пәк екенін және оны өмірлік жары үшін сақтайтынын айтты. Анасы мен кішкене сіңілісі үшін өмір сүріп жүргенін жеткізді. 

«Мен қызбын. Сіздерге осы тұста бір құпияны ашқым келеді. Жасың ұлғайған сайын қыздығыңнан айырылғың келмейді. Шынымды айтсам, мұның қалай болатынын да ойлаған емеспін. Оны жалғыз адам үшін сақтап жүрмін. Ол адам менің болашақ жарым болса екен деп ойлаушы едім. Болды. Меніңше, бұл нәрсе тойдан кейін болуы керек. Мен солай болғанын қалаймын», - деді бойжеткен. 

Сондай-ақ, ол қайтыс болып кеткен әкесін көп сағынатыны туралы бөлісті. Айтуынша, әкесі өте ақылды, парасатты жан болған. 

«Қабіріне шамамен жарты жыл бұрын бардым. Әкем екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсы болды. Әке мен қызы ретінде. Ол мен үшін ақылды әрі күшті адам болды. Әрдайым дұрыс ақыл-кеңес беретін. Ол бақилық болған кезде жарты жыл өмірім өшіп кетті десем де болады. Сол сәтте әрі қарай өмір сүрудің не керегі бар деген ой келді», - дейді Шырын Нарчаева. 

Сөз соңында ол жуырда қазақстандықтарды жарты жыл бойы әзірлеп жүрген туындысы арқылы қуантатынын жеткізді. 

Талқылау