Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысындағы орман өртінен кейін отставкаға кетті
Марат Күлдіков төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 шілдеде Марат Күлдіковтың Абай облысындағы ірі орман өртінен кейін отставкаға кеткені белгілі болды. ТЖ министрлігі вице-министрдің өз еркімен босату туралы баянат жазғанын нақтылады.
"Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", – деді Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бастап атқарды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр