БҚО-дағы бес баланың қазасы: Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын ала себебін атады
Фото: freepik.com
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев сенат кулуарында Батыс Қазақстан облысында бес бала қайтыс болған өрттің ықтимал себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Әкесі жұмыста болған, әйелі балаларды сыртынан жауып, дүкенге кеткен. Алдын ала себеп – балалардың ойыны. Жақында сараптама аяқталады, жұмыс жүріп жатыр", – деді Тұрсынбаев.
Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйегінде отбасының бұрынғы үйіне газ есептегіштері орнатылған, бірақ олар бір ай бұрын басқа үйге көшіп кеткен.
Еске салсақ, 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында жекеменшік үйден өрт шығып, бір отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала көз жұмғанын жазған едік. Облыстық полиция департаменті осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қайғылы оқиғадан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ресми мәлімдеме жасап, отбасыға баспана берілетінін айтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген