Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің ішінде лудомандар жоқ екенін айтты
Мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов журналистердің сұрағына жауап беріп, лудомания мәселесіне тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрге тілшілер қызметкерлер арасында лудоманияға бейім азаматтар туралы ақпарат бар ма, тексеріле ме деген сұрақ қойды.
“Төтенше жағдайлар министрлігінде лудоманияға қарсы психологиялық қызмет бар. Олар қызметкерлерді тестілеуден өткізіп, сауалнама жүргізіп отырады”, – деп түсіндірді вице-министр.
Ол министрлікте лудоманияға бейім қызметкерлер жоқ екенін атап өтті.
“Бүгінде төтенше жағдайлар министрлігінде лудоман қызметкерлер жоқ деуге болады”, – деп атап өтті ведомство өкілі.
Еске сала кетейік, мәжілісте 25 жасқа толмағандардың құмар ойын ойнауына тыйым салу ұсынылған.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты