Төтенше жағдайлар министрі Нұр-Сұлтанда үш жасар баланы құтқарып қалған жасөспірімді марапаттады
Терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарған елордалық Есдәулет Дәуітбеков "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде министр Юрий Ильин ерлігімен көзге түскен Дәуітбеков Есдәулет Есболатұлын "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен және естелік сыйлықпен марапаттады. Кездесуге батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты", - делінген ресми хабарламада.
Юрий Ильин бүгінгінің батырына алғыс білдіріп, болашақта ТЖМ азаматтық қорғау органдарының қатарынан осындай ер жігіттерді көргісі келетінін айтты. Сонымен қатар, анасына нағыз батырды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің терезесінен құлай жаздаған үш жасар бүлдіршінді құтқарған Есдәулет Дәуітбеков оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан