Нұр-Cұлтанда жетінші қабат терезесінен құлап бара жатқан баланы құтқарған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді
Нұр-Сұлтанда терезеден құлап кете жаздаған қызды құтқарып қалған Есдәулет Дәуітбековке Құрылыс компаниясы елордадан 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол отбасымен бірге тұратын жерді және тұрғын үйдің орналасуын өздері таңдайтын болады. Осыған дейін Естәулет Дәуітбековтың отбасы ипотекаға алған баспанада тұрып келген.
Мамыр айында Сәбит Шонтақбаевқа алғыс білдіріп, пәтер кілтін табыстаған құрылыс фирмасы Есдәулетті де қуантты. Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа да үш бөлмелі пәтер табысталған болатын.
Елордада 17 жастағы жасөспірім жетінші қабатта ілініп тұрған баланы құтқарып қалған болатын.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн