Тот басып, қисайған қоршауды баннермен жауып тастаған: Орал тұрғындары қала басшылығының әрекетін сынға алды
Видеодан скрин
Орал тұрғындарын көшедегі тот басқан, қисайған қоршауды баннермен жауып тастаған қала басшылығының әрекеті ашуландырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Даулы баннердің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындар жергілікті биліктің қаланы абаттандыру тәсілін теріс қабылдап, “көзбояушылық” деп атады.
Орал әкімдігінің мәліметінше, қоршау орнату туралы шешім уақытша шара ретінде қабылданған. Бұл жер телімдерінің иелері өз мүлкін тиісті күйге келтіргенге дейін қаланың сыртқы көркін сақтау үшін қажет.
Қала әкімдігі күн сайын полиция басқармасымен бірігіп рейдтер жүргізіліп, өз жер телімдерінде абаттандыру және санитарлық талаптарды орындамайтын нысандар мен тұрғын үйлерді, сондай-ақ қаланың эстетикалық көркін бұзатын нысандарды анықталатынын атап өтті.
“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Алайда мониторингтік топ алдымен ескерту жасап, көрсетілген кемшіліктерді өз еркімен түзетуге мүмкіндік береді”, – делінген әкімдік хабарламасында.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген