"Төрт секундта көлік аударылып кетті": Ернар Айдар өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды
Белгілі әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен жол апатына қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/ernaraidar777
Өнер иесі 2017 жылы бойдақ кезінде жол апатына түскенін “Жақсы адамдар” бағдарламасында айтып берді.
“Күнім сен сөнбеші" деген әнімнен кейін болашақ жарыммен жолықтым. Алдымен, жол апатына түстім. Оған дейін бойдақ өмір сүрдік. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде нақты қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүруге уақыт та жоқ. Солай 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесін" деді. Содан шаңырақ көтеруді шынымен ойладым”, – деп бастады әңгімесін әнші.
-
"Нақты күнін белгілемедік": Ернар Айдардың Батыс Қазақстан облысындағы концерті кейінге шегерілді
-
"Қойларыма концерт қоятын едім": Ернар Айдар бала күніндегі арманын айтып, елді күлдірді
Сондай-ақ жол апаты денсаулығына қалай әсер еткенін де айтып берді. Сөзінше, 2-3 ай ауруханада жатқан көрінеді.
“Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым", – деді Ернар Айдар.
Еске салайық, әнші тойға шығу үшін екі миллион теңге сұрайтынын жазған едік.