Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қойларыма концерт қоятын едім": Ернар Айдар бала күніндегі арманын айтып, елді күлдірді

Танымал әнші Ернар Айдар бала кезін еске алып, көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ernaraidar_kz/

Өнер иесі жеке парақшасына бейтаныс баланың ән айтқан видеосын жүктеді. 

“Анам мен әкем деген жүрегіңді айналдым! Ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ. Осы видеоны қайта-қайта көріп отырып, өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетті. Мен де мал жайғап жүріп сиырларыма, қойларыма ән айтып концерт қойып беретін едім. Шіркін, балалық шағым-ай!
Сол себепті батыр балақайдың әнді қалай айтып тұрғанын бүкіл жан-тәніммен сезіп тұрмын. Қиялындағы сахна, қиялындағы микрофон, қиялындағы алдында отырған халық –бәрі-бәрі батыр балақайдың шын өмірінде орындалса екен деп тіледім! Қазағымның мақтанышына айналуыңа тілекшімін. Тек алға, батыр балақай! Алла жар болсын! Бұл талантты бала туралы мәліметім болмағандықтан, өзімше “Батыр балақай” деп атадым”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары да бейтаныс талант иесінің даусына таңдай қағып жатыр. 

“Бәріміз қорада талай концерт беріп едік”, “Даусының кереметін-ай”, “Қолдау көрсетіп жіберсең де болады”, “Үлкен сахнаға шыққысы кеп жүрген балақай екен” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау