Мейрамбек дем салып, Сәкен жын шығарып, Кенжебек массаж жасайды: МузАрт тобының концерт алдындағы дайындығы елді күлдіртті
Қазақ эстрадасында 25 жылға жуық тарихы бар Музарт ансамблінің концерт алдындағы дайындығы елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәкен Майғазиев | МузАРТ (@saken_maigaziyev)
Топ мүшесі Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында видео жүктеп, сахна сыртындағы әншілердің дайындығын көрсетті.
Өнердегі әріптесі Ғазизхан Шекербек “Мейрамбек Беспаевтың ел білмейтін өнері мен әзілдерін көрем десеңіздер, менің парақшама өтіңіздер”, – деп елді қызықтырып қойды.
Белгілі ақын, бірнеше хит әндердің авторы Ақберен Елгезек: “Жаңа ғана Сәкен мен Мейрамбек видеоқоңырау арқылы 30 минутқа жететін опералық спектакль қойып берді. Күлкіден әлі ішім ауырып жатыр”, – дейді.
Жұлдызды топтың іс-әрекетіне халық күліп жатыр. Қызық та күлкілі пікір жазып жатқан желі қолданушылардың бір парасын жіпке тіздік.

Сәкен Майғазиев | МузАРТ (@saken_maigaziyev)
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен