Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нақты күнін белгілемедік": Ернар Айдардың Батыс Қазақстан облысындағы концерті кейінге шегерілді

Танымал эстрада жұлдызы Ернар Айдар Батыс Қазақстан өңіріндегі концертін кейінгі қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ernaraidar_kz/

Өнер иесі еліміздегі су тасқыны болып жатқан кезде концерт қоюды әбестік көрген. 

“Ассалаумағалейкім, құрметті қазақ елі. Батыс өңірінде болатын ән кештерім жайлы сіздерге мәлімет айтқым келіп отыр. Еліміздегі жағдайды баршаңыз көріп отырсыздар. Сол себепті Батыс Қазақстанда болатын ән кештеріміз кейінге шегеріледі. Алдағы уақытта нақты күнін белгілеп жатсақ, сіздерге хабарлаймыз" , – деді ол. 



Алайда эстрада жұлдызы билет алып қойған жандарды назардан тыс қалдырған жоқ. Тыңдарман қауымға билеттің жарамды болатынын ескертті.

"Ал билет алып қойған жандар, билеттеріңізді сақтап қойсаңыздар болады. Алдағы уақытта ол жарамды болады. Сол билетпен ән кешімізге кіре аласыз. Ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш болсын. Шуақты күндерде амандықпен кездесейік", – деді Ернар Айдар. 

Талқылау