"Төрт дипломы бар Толқыным": Төреғали Төреәлінің жары жаңа мамандықты меңгерді
Төреғали Төреәлі жары Толқынның тағы бір мамандықты меңгергенін айтып мақтанды. Толқын Тұрарбекқызы енді ресми түрде психолог атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Толқын Тұрарбек отандық академияда білім алған. Кеше ол көптен күткен дипломын қолына алды. Сондай-ақ, ол ҚР психология қоғамы бірлестігінің мүшесі атанған. Айтулы күнге орай Төреғали Төреәлі жұбайына өлең арнады.
"Жаратқаным жар ғып берген жарқыным,
Баяғыдан оқымысты жан тұғын.
Бірі білсе бірі білмес мен оның
Білімпаздық қасиетіне тәнтімін.
Тағы жаңа мамандықты игердің
Дипломың құтты болсын алтыным,
Бір күйеуі, екі ұлы, үш қызы,
Бұл менің төрт дипломы бар Толқыным!" - деп жазды әнші.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі