Мақпал Исабекованың күйеуі перзентханадан шығару сәтіне гүлсіз келген
Жалға алынған лимузин, 101 раушан гүлі, әнші-жыршылар мен толассыз қонақтар. Әдетте әншілердің перзентханадан шығу сәті той-думанға ұласады. Тек Мақпал Исабековада емес. Жуырда тұңғышын босанған әнші сәбиімен үйіне оралды. Тек осынау салтанатты күнді Исабекова қарапайым түрде өткізген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз үйдеміз, Альхамдулиллах. Салтанатты шарасыз, гүлсіз, шарсыз, естелікке қалатын суретсіз. Жай ғана үшеуміз үйге келдік. Өзіміз солай қаладық. Достарымыз бізді түсінеді деп үміттенемін", - деп пікір білдірді.
Айта кетерлігі, қарапайымдылық соңғы кездері өнер жұлдыздары арасында трендке енген ұқсайды. Бірер апта бұрын Жәния Джуринская қыз босанған еді.
Әдетте әр қадамын фототүсірілім арқылы есте қалдыратын актриса да перзентханадан артық шусыз, той-думансыз шықты.
Бұған дейін Исабекованың 38 жаста ана атанғанын хабарлаған едік.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек