Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалиді қолдап, халықты сабырлыққа шақырған Мақпал Жүнісоваға айтыскер ақын өлеңмен жауап берді

Павлодарда өткен концертінде қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғалидің дауы әлі де басылар емес. Көпшілікпен қатар әншіні өнердегі әріптестері де сынап жатты. Десе де Ұлы дала баласын қолдаған жұлдыздар да табылды. Өз кезегінде жас әншіні қолдаған Мақпал Жүнісоваға айтыскер Мейірбек Сұлтанхан өлеңмен жауап беріп, әншінің әрекетіне қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Stan.kz.

Павлодарда концерт беремін деп басы дауға қалған Төреғали Төреәліні халық әртісі Мақпал  Жүнісова қолдап, Instagram желісінде халықты сабырға шақырды.

«Кешірім сұрады. Сабыр сақтайық. Зәкеңді атып кеткенде де сабырлық сақтадыңыздар», – деп екіұшты пікір қалдырды халық әртісі.

Өз кезегінде Мақпал Жүнісованың пікіріне айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан өлең жолдарымен жауап берді.

«Тасадағы тас атса саған дәлдеп,
Жабыққанда жас шығар жанардан кеп.
Қарияның қасиеті қайда қалды,
Қадіріне жетпесе балам бар деп.
Атам қазақ айтпап па ед кемшілікке,
Керіспей,кеңшілікпен қараңдар деп.
Табалауға келгенде тапқырлар көп,
Бағалауға келгенде шабандар көп
Алдыңнан гүл тосатын адамдардан,
Артыңнан күл шашатын адамдар көп…», – деп жазды айтыскер Instagram желісінде.

 

Тасадағы тас атса саған дәлдеп, Жабыққанда жас шығар жанардан кеп. Қарияның қасиеті қайда қалды, Қадіріне жетпесе балам бар деп. Атам қазақ айтпап па ед кемшілікке, Керіспей,кеңшілікпен қараңдар деп. Табалауға келгенде тапқырлар көп, Бағалауға келгенде шабандар көп Алдыңнан гүл тосатын адамдардан, Артыңнан күл шашатын адамдар көп… ———— P.S:БІР ТҮРЛІ ШАЛ ДЕГЕН ӘН ЖОҚ Жай Фото #бір_жақты_қаралаудан_аулақ_болайықшы #кешірімшіл_болайық #Мақпал_апамыз_айтты

Публикация от Мейірбек Сұлтанxан (@meiirbek_sultankhan)

Аталған жазбаны Төреғали Төреәлі де Instagram желісіндегі өз парақшасында бөліскен.

Естеріңізге сала кетсек, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде сахна төрінде тұрып қарияға ұрысып, залдан қуған еді.

Мұнан кейін Ұлы дала баласын өнердегі әріптестері Меруерт Түсіпбаева, “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов пен әншінің жерлестері сынап, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ал әнші Бүркіт Төреғалиге қолдау білдіріп, араша түскен еді.

Артынан мәскеленің ушығып бара жатқанын аңдаған Төреғалидің өзі халықтан кешірім сұрады.

Оқи отырыңыз:

Қарияны залдан қуғаннан кейін басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті

Төреғалидің қызылордалық жерлестері әншінің сахнадағы әрекетіне қатысты пікір білдірді

Димаш Құдайбергенді қытайлық фанаттары таптап кете жаздады (видео)

Халықтан кешірім сұраған Төреғали Төреәлі сахнадағы ерсі әрекетіне қатысты жауап берді

Талқылау