Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қажылыққа аттанды
Төреғали Төреәлі жұбайы мен нағашы атасын ертіп, қажылыққа аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында киелі сапардың көріністерімен бөлісті. Сондай-ақ Төреғалидің жары Толқын қасиетті Қағбаны көргенде көз жасына ерік бергенін жасырмады.
"Қаңтардағы қақтығыстан кейін алаңдаған жүрек тыныштық таба алмаған еді.
Дәл сол уақытта бала-шағамен төркіндетіп, ата-анама барған едім.
Отағасы шетелде іссапармен жүрген. Қақтығыстар бастау алғаннан бастап, аманаттарыммен үйімізге аман жетуді тіледім!
Тіпті амандығымызды жеткізетін байланыстан үзілген күндер Алланың беріп қойған әрбір нығметін түсіндіріп қоя берді.
Мейірімі шексіз Аллахым, бір өзіңе жалбарынып, бір өзіңнен жәрдем тілеуге келдік.
Елімізді, жерімізді барлық бәледен сақтап, бірлігімізді, берекемізді еселей бер!" – деп бөлісті ол.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді