Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйымдастырушы: Төреғали өзімен кездескісі келген науқас балалардан ақша сұрады

Әнші Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның «Алло» әнін тыңдаған балалар қосыла шырқап, өз нұсқаларынан клип те түсіріп жарысты.

тореш
Алматыдағы науқас балаларға арналған хоспистің тұрғындары да Төреғалиды жақсы көретіндерін жиі айтады екен.

Белсенділер үнемі балалардың тілегін орындау мақсатында танымал жұлдыздар мен кәсіпкерлердің, ауқатты азаматтардың көмегіне жүгініп отырады. Бірақ, балалар сұраған әншінің тойға шығатындай гонорар сұрағанына қайран қалған олар, айтарға сөз таппай  отырғандарын ашық айтты.

Stan.kz сайтының тілшісі жағдайдың қалай болғанын анықтап көрген еді.

Желіде Айгүл Абсеметова есімді азамат мына екі бүлдіршіннің суретін жүктеп,елден көмек сұраған. Көмек ауыр дертпен күресіп жүрген балалардың арманын орындауға арналған.

торешка

«Кеш жарық,сыйқыршылар! Мына екі бүлдіршіннің орындалуы тиіс армандары бар. Сіздердің көмектеріңізсіз ол арман-арман күйінде қалып қоймақшы.

Тағы бір мәрте жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын көрсетейікші. Қыздар сүйікті әншілері-Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханды көргілері келеді. Сіздердің араларыңызда әншілермен қалай байланысуды білетін адамдар бар шығар?»,-деп жазған өзінің парақшасында

Осы жазбаның астында біраз пікір жазылған. Ол жерде ұйымдастырушы бұған дейін Төреғалиды балалармен кездесуге шақырғанын жазады.

– Бұл әншілерді Инстаграмнан тапсаңыз болады.
– Біз бір мәрте Төреғалиды шақырдық. Ол ақша сұрады. Соңында келмей қалды.
– Кешіріңіз, ол сонда қатерлі ісікпен күресіп жатқан балалардан ақша сұрады ма? Мен дұрыс түсіндім ба?
– Басында ия. Кейіннен тек жол ақысын төлеуге уәде еттік.

Мұны көрген жұрт әншіні ақшаға құныққан деп жарыса сынап жатыр. Науқас балалардың тілегін жерге қалдырмай, қамқорлық көрсетіп жүрген Айгүл Абсеметованың өзіне хабарласқанымызда былай деп жауап берді.

«Бұл жағдай өткен жылы болған еді. Жақында тағы бірнеше бала Төреғалиды көргісі келетіндерін айтты. Әншіні ауруханаға шақырған болатынбыз. Балалар оны күткенімен, Төреғали келмеді. Тура қазір барлық себептерді егжей-тегжейлі айта алмаймын»,-деп қысқа қайырды.

Ал әншінің директоры Фариза ханым  ұйымдастырушы Төреғалидың атына кір келтіру үшін жала жауып отыр дейді.

” Төреғали қазір өте сұраныстағы адам, оның жасыратыны жоқ. Күніне 300 адам хабарласады. Соның 50 шақтысы көмек сұрайды. Түсініңіздер, бұл біздің жұмысымыз. Төреғали жалғыз, барлығына бірдей үлгеру мүмкін емес. Мысалы, ол жақында Астанадағы арбаға таңылған қызбен кездесті. Сәті, уақыты, ыңғайы келді,  кездесу бұйырды. Ал, науқас баладан ақы сұрау өте ұят нәрсе. Ондай жағдай болған емес. Уақыты мен сәті болмай кездеспей қалған шығар. Бірақ, ақша сұраған емеспіз”,-деді Фариза.

Төреғали өзінен көмек сұрайтын науқас, ауыр дертпен күресіп жатқандардың көңіліне, тілегіне өте жауапкершілікпен қарайды екен. Себебі ол мұндай аурулардың жағдайын өз көзімен көріп өсіпті.

“Ыңғайы келсе Төреғалиды бір көруді армандаған балалардың тілегін алдағы уақытта орындаймыз”,-деп қалды әншінің директоры Фариза.

 

Ескерту! Бұл материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсатын алуыңыз керек.

Оқи отырыңыз:

Банк келісім шартын оқығанда неге назар аудару керек?

Тоқтар Төлешовтың екі әйелі оны сотқа берді

Ақбота мен Айдарқұловтың отбасындағы шындықты директоры айтып берді

Қазақстанның 2 мыңға жуық азаматына Түркияға кіруге тыйым салынды

Талқылау