Тоқаев Aстана LRT жұмысын іске қосып, алғашқы жолаушысы атанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жобасының жұмысын іске қосты. Мемлекет басшысы алғашқы жолаушы ретінде “Әуежай” станциясынан “Ұлттық музейге” дейін жүріп өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған.
Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.
LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді (4 құрам резервте).
ОқыңызБасқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есікті ашу үдерістері, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер толығымен автоматтандырылған. Қосымша бақылау үшін қолмен басқару және диспетчермен байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.
LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи қойма бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минут болады. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.
Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін айтты. Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуы тиіс деп мәлімдеді.
Сапар барысында президентке 001 сериялы карта берілді. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін жүрді.
Енді қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады.
Атап айтқанда, “Астана-1” вокзалы, “Жағалау” шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырым болады.
Айта кетейік, бұған дейін City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) алдағы демалыс күндері 16-17 мамырда жолаушыларға қызмет көрсете бастайтынын мәлімдеген еді.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды