Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Саят Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрлық өзгерісті Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Саят Исанов – қазақстандық әскери қызметкер. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары, подполковник қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды қызметкерді босатқан болатын.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"
