Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
«Томирис» фильмінің продюсерінің күйеуі оның қазіргі жағдайы туралы айтып берді
«Томирис» фильмінің продюсері Анна Шәкіртова бірнеше күн бойғы іздеу барысында саяжайдағы үйінен табылды. Продюсердің күйеуі оның қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Туыстары Аннаның ол жаққа қалай барғанын және бірнеше күн бойы неліктен байланысқа шықпағанын нақты айта алмайды.
«Ол саяжайға кетіп қалған. Ал телефонын үйде қуаттандырғышқа қосып кетті. тылсым ештеңе болған жоқ. Оның басы ауырып, өте ауыр күйде жүр еді. Біз барып, оны алып кеттік. Қазір ауруханаға келдік. Жанында отырмыз», – дейді продюсердің күйеуі Мұрат Нұғманов.
Оның сөзінше, әйелі туыстары мен полицияның іздеуінің арқасында табылған.
Өз сөзінде Мұрат Нұманов әйелінің қазіргі уақытта ауруханада, дәрігерлердің бақылауында жатқанын айтты. Оынң жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған