Токио Олимпиадасы қазақстандық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетілетін болды
Қазақстан XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты Жапонияның "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөзді нәтижелі аяқтады. Енді олимпиада ойындарын Qazaqstan, Qazsport и "Хабар" телеарналарынан тамашалауға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді", - делінген хабарламада.
Нақты қандай бағаға келіскендері айтылмаған.
Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
