Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасы: Дархан Асаділов жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасында каратэ спортынан жекпе-жектер басталды. Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрінен тұңғыш жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Бүгін 67 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов сынға түсуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық Дархан Асадилов (67 келі) каратэ-додан жартылай финалға шықты.

Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады. 

Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзербайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. 

Үшінші жекпе-жегінде ол Саго Наотоны 3:0 есебімен озды.

Айта кетелік, каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды.

Талқылау