Токио Олимпиадасы: Балуан Демеу Жадыраев алғашқы айналымда қарсыласына жол берді
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық спортшы Демеу Жадыраев қарсыласынан жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жапониялық Якибу Сохейге жол берді. Тартысты белдесу 5:3 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.
Айта кетерлігі, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен