Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды
Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті пайда болды. Суретті блогер Ербол Еділов Telegram-арнасында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Тоқаев – Қазақстан президентінің жалғыз ұлы. Ол 1984 жылы дүниеге келген. Ашық дереккөзде ол туралы мәлімет аз. Тек 2009 жылы «Қазақстан Республикасының Батысқа қатысты стратегиясы: ұлттық мүдделер, басымдылықтар мен бағыттар» тақырыбында диссертация қорғағаны белгілі.
Тимур Қасымжомартұлы – саясат ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер. Алты жыл бұрын оның «Аби Петролеум Кэпиталдың» ортақ құрылтайшысы екені туралы ақпарат пайда болған. Аталған компанияның Атырау облысындағы Грядовое кен орнында көмірсутек шикізатын алумен айналысқаны көрсетілген. 2012 жылы компанияның табысы 3,2 миллиард теңгеге жеткен.
Тағы оқыңыз >>> Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі
Тимур Тоқаев – өзінің атасы, танымал жазушы Кемел Тоқаевтың атындағы қайырымдылық қорының құрылтайшысы.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар