Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі атышулы кісі өлімі бойынша айыпталушылар 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

оооооо
Фото: Әлеуметтік желіден

Жыл басында Шымкентте болған жүргізушілер арасында жанжалдың соңы 1 адамның өлімімен аяқталған еді. Енді бүгін осы іске қатысы барларға үкім шықты. Сот шешімі бойынша 6 адам кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Судья Әбінұр Қарабаев кінәлілерге кемінде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дәлірек айтқанда:

  • Арысбаев – 23 жыл;

  •  Іңкәрбеков – 22 жыл;
  •  Қызбалаев – 22 жыл;
  •  Ерімбет – 21 жыл;
  •  Жұманазар – 20 жыл;
  •  Қуандықов – 20 жыл 6 айға сотталды

 

Оқиға қалай болды?

Бұл оқиға 2026 жылғы 20 қаңтарда Шымкент қаласында болған. Жол-көлік оқиғасынан басталған жанжал жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиға қаладағы Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі көлік жол үстінде соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізушілер мен жолаушылар арасында дау туындаған. Кейін жанжалға үшінші көлікпен келген адамдар да араласқан. Сөзге келіспеушілік көп ұзамай жаппай төбелеске айналған.

Төбелес кезінде суық қару қолданылып, бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Олардың бірі – 40 жастағы Шымкент тұрғыны алған жарақатынан көз жұмды. Тағы бір зардап шеккен, 36 жастағы ер адам аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жанжалдың видеосы тарады. Кадрлардан бірнеше адамның көліктердің жанында төбелесіп жатқанын көруге болады.

Кей БАҚ өкілдерінің жаузынша, оқиғадан кейін белгісіз біреулер В.Колесниковты Toyota Camry көлігімен күштеп алып кеткен. Кейінірек полицейлер Camry және Lexus көліктерін тауып, зардап шегушіні ВАЗ-2114 көлігіне отырғызып, Ордабасы ауданына қарай алып кеткенін анықтады. Кешкі сағат 7-лер шамасында Темірлановка ауылындағы орталық аудандық аурухананың жанынан В.Колесниковтың денесі дене жарақатымен табылды.

Еске сала кетейік, Қостанайда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты. Қостанай облыстық полиция департаменті Volkswagen Passat автокөлігі мен маршруттық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сонымен қатар полиция патрульдік көлік ішінен түсірілген видеоны да жариялады.

Ислам Әден
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2026 13:10