Тоқаевтың сынынан кейін "Қазавтожол" филиалының директоры қызметінен босатылды
Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін "QAZAVTOJOL "ҰК" АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына тапсырмалар жүктеген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған