Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың батылдығының артында Қытай тұруы мүмкін – Сарапшы

Central Asia Due Diligence директоры, саясаттанушы Әлішер Ильхамов BBC-ге берген сұхбатында Қазақстан туралы пікірін айтты. Оның ойынша, Қазақстанға Қытай демеу беріп отырғандықтан ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің алдында Луганск пен Донецк туралы ойын еркін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

BBC журналисі Олег Антоненко Қарақалпақстанда болып жатқан жағдайды Қазақстандағы “қаңтар” оқиғасымен ұқсатты. Журналист әлемдік саясаттағы елдердің ұстанымын айта отырып, Әлішер Ильхамовтан Қытайдың Орталық Азия елдерімен  байланысы туралы сұрады.



“Қытайлардың  жалпы әлемдегі жағдайға көзқарасын уақыт көрсетеді. Қазіргі Қарақалпақстандағы бүлік болған Қазақстанда қаңтарда болған жағдайға ұқсайды. Бұл тұрғыда Қытай Қазақстанға қолдау көрсететін сияқты. Мәселен, бүлік кезінде Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шақыртып алып, кейін аз күннің ішінде кері қайтарды. Бұның қаншалықты рас ақпарат екенін білмеймін, бірақ бұл шешімнің артында Қытайдың тұруы әбден мүмкін. Жақында ғана Тоқаевтың Луганск пен Донецк тәуелсіздігін мойындамайтынын Путиннің көзінше еркін, ашық айтуы оның батылдығының артында кім тұр деген сұрақ тудырады. Логикалық тұрғыдан алып қарасақ, Тоқаевтың батылдығының артында Қытай тұруы мүмкін”,- деп жауап берді саясаткер Әлішер Ильхамов.  

Қарақалпақстандағы қазақтар туралы қойылған сұраққа Ильхамов онда қазір қазақтардың аз қалғанын, оралмандарды қайтару кезінде басым көпшілігінің елдеріне оралғанын жеткізді. Айтуынша, сол уақыттарда тіпті қарақалпақтардың өзі Қазақстанға қоныс аударып кеткен.

Талқылау