Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың баспасөз хатшысы төтенше жағдайдың және карантиннің мерзімін ұзарту туралы жазды

Президент коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеу жариялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Соңғы кездері Қазақстан Президентінің жұмыс кестесі мейлінше өзгергені жасырын емес. Елімізде төтенше жағдай енгізілді, осыған байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлының жұмыс кестесі де төтенше жағдай режиміне көшті. Президентке келетін шұғыл әрі сараптамалық ақпараттардың саны күрт өсті. Ал бұған дер кезінде жауап беріп, шара қолдану керек. Мемлекет басшысы жаңартылған форматта жұмыс істеп жатыр. Бүгінде көптеген жиындар мен кездесулер видео байланыс арқылы өткізілуде. Коронавирусқа қарсы күрес – күн тәртібінде қарастырылатын негізгі мәселе.

Қасым-Жомарт Кемелұлы күн сайын Үкіметтің, төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелерінің, өңір басшыларының есептерін тыңдайды. Жақында ғана президент барлық облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне телефон шалып, шағын және орта бизнесті қолдауға, халықты әлеуметтік қорғауға, көктемгі егіс науқанына және су тасқынына қарсы жұмыстарға байланысты нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар, Берік Уәли президент шетелмен келіссөздерді телефон арқылы жүргізетінін жазып кетті.



"Бір айдың ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Израиль мемлекеттерінің Президенттерімен, БҰҰ және Еуропалық одақтың басшыларымен, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті. Аталған келіссөздер азаматтарымызды шет елдерден алып келуге, өзара гуманитарлық қолдауға, үздіксіз көлік қатынастарын қамтамасыз етуге, азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтарды жеткізуге байланысты бірқатар маңызды мәселелерді шұғыл әрі ешқандай бюрократиялық кедергілерсіз шешуге мүмкіндік берді", деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Мемлекет басшысы азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең басты міндет санайды. Ол барлық отандастарымызды төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауға шақырады. Жақындарымыздың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершілікті сезінуіміз керек. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, "халықсыз экономика болмайды". Сондықтан ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша азаматтарға қолдау көрсету үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қаражат бөлінуде. Мемлекет басшысы осы айтылған мәселелердің оң шешілуін үнемі бақылауда ұстап отыр.

Сонымен қатар келесі аптада президент еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды.

 

Талқылау