"Халықтан биік ешкім де, ештеңе де жоқ": Тоқаев алғашқы жаңа жылдық құттықтауында не айтты

Жаңа жыл келер түні қазақстандықтар мемлекет басшысының сөзін асыға күтті. Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы рет жылды қорытындылап, жерлестерін мерекемен құттықтады. Stan.kz президенттің айтқан сөзін алдарыңызға ұсынады.

Қымбатты отандастар!

Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды.

Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт.

Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек.

Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние.

Біздің бүгінгі басты бағытымыз –Жаңғыру жолы.

Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі.

Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.

Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды.

Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл халыққа шынайы ризашылығымды білдіремін.

Бүгінде әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан экономикамыз орнықты дамып келеді.

Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шараларды жүзеге асырдық.

Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны, жәрдемақыны және студенттердің стипендиясын көбейтетін болдық.

Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау көрсету үшін біз бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдадық. Соның арқасында 500 мыңнан астам борышкердің қарызы айтарлықтай азайды.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдадық. Жаңа жұмыс орындары ашылатын болды.

Мен ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғамымыздың дамуына жаңа серпін беруі қажет.

Халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформаларды ұсындық.

Бұл бастамалар ынтымағымызды арттыруға бағытталған.

Татулық – ата-бабалар өсиет еткен қасиетті ұғым.

Сондықтан, татулық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Біз білімі озық, ойы ұшқыр жастарға жағдай жасап, жол ашамыз.

Осыған орай, «Президенттік кадр резерві» жасақталды.

Биыл Арыс қаласындағы төтенше оқиға кезінде халқымыз мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Мен халқымызды мақтан тұтамын.

Біз кез келген сыннан сүрінбей өтіп, зор табысқа бірге жетеміз деп сенемін.

Келесі жылы Конституциямыздың 25 жылдығын атап өтеміз.

Ұлы даламыздың даңқты тарихын жан-жақты дәріптеуге ерекше көңіл бөліп келеміз. Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойларына дайындық жұмыстарын бастадық.

Алтын Орданың 750 жылдығын мемлекет деңгейінде атап өтетін болдық.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады.

Тиісті іс-шаралардың барлығын ысырапшылдыққа жол бермей, мазмұнды ой тудыратын деңгейде өткіземіз.

Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан тың бастамалардың бәрі ел игілігі үшін жасалып отыр.

Оң өзгерістер жаңа 2020 жылда лайықты жалғасын табады. Дегенмен, сын-қатерлер аз емес. Сондықтан, біз еліміз үшін, халқымыз үшін адал қызмет етуіміз керек.

Халықтан биік, халықтан жоғары тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ.

Қазақстан дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуы қажет.

Біз үшін бұдан басқа тура жол жоқ.

Біз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады.

Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек.

Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!

Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін!

Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Талқылау
Пікір
Aknur
02 Қаң, 20 жыл - 01:12

Ел басымыз аман,халқымыздың ауыз біршілігі болса үлкен белестен корінеміз,Рахмет сізге елбасы.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдан Қазақстанға қашып келген екі азаматқа жаза тағайындалды

Олар 1 жыл көлемінде түрмеге жабылды

"Олимп" букмекерлік кеңсесі енді бәс қабылдамайды

Ұйым қызметі заңға қайшы деп танылып, лицензиясы тоқтатылған

Бұрын 3 теңге болса, қазір 5.5-ке өсті: Қырғыз валютасы неге құнды?

Теңге төмен құлдырағанда сом неге тұрақты "тағынан" түспейді?  

"Барыс" хоккейшілері фин ойыншыларын ойсырата жеңді (видео)

Ойын "Барыстың" еншісіне 5:1 есебімен аяқталды

Арты өлімге алып келетін қытайлық вирус енді АҚШ-қа жетті

Ауруды Вашингтон штатының тұрғыны жұқтырған

"Қатты қорықтым. Жүктімін деп алдадым". Әнші Уатхан Заханқызы зорлық әрекетінің құрбаны бола жаздағаны туралы

Әнші қыз-келіншектерге мұндай қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтты

Ресей Федерациясында жаңа үкімет құрылды

Өткен аптада Ресейдің бұрынғы үкіметі өз өкілеттігін тоқтатқан еді

"Қазақмыс" мекемесінің директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

Оған шабуыл жасаған адам сол ұйымның қызметкерелірінің бірі көрінеді

Алматыда ерлі-зайыптының он жыл күткен баласы 10 күннен кейін шетінеп кетті

Ата-анасы баланың екпеден кейін шетінеп кеткеніне сенімді

Қостанай облысында маскүнемнің қолынан қаза болған полицейдің отбасына бір бөлмелі пәтер беріледі

Бүгін марқұм болған полицей Дархан Базарбаевты жер қойнына тапсырды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр