Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жеңіс парадына Георгий лентасын тақпай шықты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына Георгий лентасын тақпай шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Айта кетейік, бүгін 24 маусымда Ресей астанасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шеру өткен еді. Іс-шараға Ресей президенті Владимир Путиннен бөлек, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия және Абхазия басшылары да шақырту алған. 

Мәскеудің Қызыл алаңында Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары жүріп өтті. Қазақстандық жауынгерлерге мемлекет басшысы орнынан тұрып, құрмет көрсеткен еді. 

Тоқаев Жеңіс күніне арналған парадта Георгий лентасын тақпай ерекшеленді. Салтанатты шеру барысында еліміздің президенті соғыс ардагерлерімен, Путин және Лукашенкомен бір қатарда отырды. Ал парад басталмай тұрып ол Ресей президентімен жеке кездесіп, оның Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы мақаласына жоғары бағасын берді. 

Шеру аяқталғаннан кейін мемлекет басшылары белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоқтарын қойды. 

Талқылау