Тоқаев жаңа жылды Қазақстанда отбасымен қарсы алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылды жылдағыдай отбасымен Қазақстанда қарсы алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың 2025 жылдың алғашқы күндерін үйде, жақындарымен өткізетінін айтты.
“Президент жаңа жылды барша қазақстандықтар секілді жылдағыдай үйде, дастархан басында, жақындарының ортасында өткізеді”, – деп жазды Берік Уәли.
Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апатында жолаушыларға көмектескендерді марапаттады
Айтуынша, демалыс алып, шетелге шығу мемлекет басшысының жоспарында жоқ.
“Іс жүзінде Қасым-Жомарт Тоқаевта демалыс деген жоқ. Сол себепті ол жаңа жылдық мереке күндерін жұмысқа және құжаттарға арнайды”, – дейді президенттің баспасөз хатшысы.
Бұған дейін Путин Тоқаев пен Назарбаевты жаңа жылмен құттықтаған еді.
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған
Қазақстанда жекеменшік мектептер мен балабақшаларға жаңа салық енгізілді: Қызмет бағасы қымбаттай ма
Заңгердің пікірінше, 2026 жылы енгізілген 5%-дық мөлшерлеме бизнес үшін бейімделу кезеңі саналады