Путин Тоқаев пен Назарбаевты жаңа жылмен құттықтады
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа жылмен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Aidos Ukibay/Twitter: UGC
Кремль сайтындағы деректерге сәйкес, Путин бірқатар елдердің басшыларына құттықтау телеграммасын жолдаған.
Олардың қатарында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Эмомали Рахмон және т.б. бар.
Сондай-ақ құттықтау телеграммасын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та алған.
Еске салайық, бұған дейін дейін Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен Ново-Огарев сарайында кездескен еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады